итуациялық есеп № 16

Науқас 65 жаста дәретінің тұрақты болмауына, іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезіміне, іштің кебуіне, іш қату мен іш өтуінің алмасып тұруына шағымданады. Нәжісте қанның іздері көрінеді. Зерттеу нәтижелері. Рентгенография: патологиялық ошақ анықталған жоқ. ЭКГ: ритм синусты, 87 рет минутына, оң жүрекшеге күштеме түседі. Қан анализінің клиникалық талдауы: гемоглобин -102 г/л; эритроцит-4,3х /л; түстік көрсеткіш -0,9; тромбоциттер – 258х /л; лейкоциттер -9,2х /л; ЭТЖ- 30 мм/ч. Іш қуысының УДЗ: бауырдың диффузды өзгерісі.

Сұрақтар:

1. Сіздің болжама диагнозыныз қандай?

2. Диагнозды нақтылап емдеуді бастау үшін қандай зерттеулер жасау қажет?

3. Көрсетілген патологияның негізгі емі қандай?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №17

Науқас 22 жаста сол жақ санындағы ісік тәрізді түзілістің болуына, дене температурасының жоғарылауына, ақсақтыққа байланысты травматологқа қаралды. Анамнезінде жарақат алмаған. Тағайындалды: анбиотикотерапия, анальгетиктер, ФГЛ 10 күнге, физикалық жүктемені шектеу. Жүргізілген емнен кейін жағдайы нашарлаған: ауырсыну күшейген, гиперемия, сол жақ тізе буынында қозғалыс кенет шектелген. ЖҚА: лейкоцитоз, Hb - 93г/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Травматологтың екінші рет қарауынан кейін рентгенография тағайындалған.

Сұрақтар:

1. Болжамды диагноз қандай?

2. Дәрігердің іс - әрекеті дұрыс па?

3. Аталған патологияны емдеудің негізгі әдісі қандай?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №18

Науқас 48 жаста, гинекологиялық бөлімшеге жыныс жолдарынан қанды бөліндіге шағымданып түсті. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны тығыз, гипертрофияланған. Жатыр мойнында гүлді орамжапырақ тәрізді өсінді байқалады, жанасқанда тез қанайды. Жатыр мойнының алдыңғы ернінде қанағыш шұңқыр бар. Жатыр денесі өзгеріссіз, қозғалмалы, ауырсынады. Қосалқылары пальпацияланбайды. Сол жақ параметрия еркін, оң жақта үлкен емес, жамбас қабырғасына жетпеген инфильтрация анықталады. Жатыр мойнының биопсиясы жүргізілді – жалпақ жасушалы обыр.

Сұрақтар:

1. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қажетті қосымша зерттеу әдістерін атаңыз.

2. Сіздің болжам диагнозыңыз.

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №19

Науқас 52 жас, гинекологиялық бөлімшеге жатырдан аздаған бөліндіге, іштің төменгі жағындағы екі айға созылған ауырсыну сезіміне шағымданып келді. Менструация 15 жастан 3-4 күнге созылатын 28 күн аралықпен, ауырсынуы орташа. 5 жүктілік болған соның 3-і босану, 2 аборт жасатқан. Жатырлық тексеруде: жатыр мойны формасы цилиндрлі, консистенциясы тығыз, эрозивті, жатыр денесі 12 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, домалақ пішінді, беткейі тегіс емес. Қосалқылар анықталмайды.

Сұрақтар

1. Диагноз қою үшін керекті зерттеу әдістерін ата

2. Емдеу тактикасы.

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №20

Науқас Ф., 63 жаста онкологиялық диспансер емханасына әлсіздікке, кезенд субфебрильді температураға, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып келді, Анамнезінен гепатит «В» мен 10 жыл бұрын ауырған. Химиялық зауытта жұмыс істеген. Инфекционист дәрігерге қаралған: сарғаюдың инфекциялық түрі жоққа шығарылды. Бауыр қабырға доғасынан 5 см-ге шығыңқы., сол бөлігі 7см-ге ұлғайған. Сонографияда өт ұлғаймаған, қабырғалары қабыну белгілерінсіз. Бауырдың сол жақ бөлігінде мөлшері 3х 4,8см біркелкі емес ісік анықталды. Өт жолдары кеңеймеген. Жалпы билирубин 45мкмоль/л, тікелей 15мкмоль/л, ЭТЖ 50мм/сағ.Эр-2,7г/л. Нв-103г/л. Лей-8,6г/л. Латекс реакция-агглютинацмя теріс.

Сұрақтар

1. Алдын-ала диагноз?

2. Диагнозды нақтылауға керекті зерттеу әдңстерін ата.

3. Емдеу тактикасы.

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №21

Науқас Б 11жаста. Кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, бұғана үстінің ісінуіне, жүйелі түрде дене температурасының 38градусқа дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде баспамен ауырғаннан кейін кеуде қуысында ауырсыну сезімі, екі аптадан соң бұғана үстінің ісінуі пайда болды. Қан анализінде қабынулық өзгерістер. Объективті; оң жақ бұғана үстінде шеті тегіс емес, пальпация кезінде ауырсынатын ісіну байқалады. Екі проекцияда түсірілген кеуде клеткасының рентгенограммасында оң жақ гемиторокстың жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасқан үлкен дөңгелек формалы гомогенді түйін, түйін үстінде өкпелік сурет күшейген. Кеуде клеткасының тік проекциялы рентгенограммасында оң жақ бірінші қабырға бойымен аралас ұсақ ошақтар, қабырғаның жоғарғы контурымен сызықтық периостальді реакция деструкциясы анықталады.

Сұрақтар:

1.Болжам диагноз;

2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдәсін жүргізесіз?

3.Емдеу тактикасы.

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №22

Науқас 56жаста, жөтелге, жүйелі түрдегі қан түкіруге, әлсіздікке,дене салмағының төмендеуіне, кеуде клеткасының сол жақ бөлігшіндегі ауырсыну сезіміне шағымданады.

Анамнезі; бір жарым ай бойында қатты жөтел мазалайды, біртіндеп күшейген жөтел, соңғы кезде қан түкіру қосылды. 5 кг салмақ тастады. Физикалық жүктеме кезінде ентігу пайда болады. Объективті; жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 130/85мм сын.бағ. ТС 86 соқ.мин. ТЖ 24. Аускультативті сол жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз везикулярлы тыныс. Рентгенологиялық зерттеу кезінде сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі кішірейген, біркелкі емес тығыздалған, өкпе суреті қоюланған. Жоғарғы бөліктік бронх клоникалық тарылған, қабырғалары тегіс емес. Бөлікаралық плевра жоғарыға ығысқан. Өкпе түбірінде және аорта доғасының үстінде лимфа түйіндері ұлғайған.

Сұрақтар:

1.Сіздің болжам диагнозыңыз

2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізуге болады?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

итуациялық есеп №23

Науқас 55 жаста, жөтелге, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, кеуде бөлігінің ауыру сезімі мен ентігуге шағымданады. Анамнезі бойынша науқас өзін екі айдан бері көкірек маңы ауыру сезімі пайда болғаннан бастап аурумын деп санайды. Бірнеше күннен кейін әлсіздік, ентігу мен шаршау сезімі қосылған. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық АҚҚ 125/80 мм.сб пульс 92рет мин ТАЖ 26 мин. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар анықталмайды. Жалпы шолу рентгенограммада тік проекцияда бір жақтық ортаңғы бөлікте жайылған көлеңке анықталады. Томографиялық зерттеу: паратрахеальды, трахеобронхеальды оң жақта бір конгломератқа жиналған. Сыртқы контуры бұдырлы. Өкпе тінінің зақымдалған аймақтары суреті қоюланған деформирленген. Жоғарғы бөліктік бронх сыртқа қарай ығысып кеңістігі тарылған, қабырғасы тегіс емес.

Бронхоскопияда трахеаның оң жақ қабырғасы мен оң жақ негізгі бронх регидтілігі, жоғарғы бөліктік шырышты қабатының ісінуі мен қызаруы байқалады. Қанталаулар бар.

Сұрақтар

1. Болжам диагнозы

2. Диагнозды нақтылауға арналған зерттеу әдістерін атаңыз

3. Емдеу тактикаңыз

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен


5329818790592740.html
5329923921642342.html
    PR.RU™